Зеленский Ресеймен келісімге келуге болатынын мәлімдеді

Зеленский Ресеймен келісімге келуге болатынын мәлімдеді

Зеленский Ресеймен келісімге келуге болатынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
50251
Украиналық БАҚ-қа сұхбат беру кезінде Владимир Зеленский Ресеймен келісім Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz rbc.ru-ға сілтеме жасап.
«Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек», - деп келтіреді «Страна.ua» Зеленскийдің сөзін.
Ресей барлығы осы мәселелерді қамтитын бір құжатта болғанын қалайды дейді Зеленский.
«Алайда, бәрі Ресейдің келісімге келеріне сенімсіздік білдіріп жатыр. Олар үшін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру - бір мәселе, ал Ресеймен келісім жасау - басқа мәселе», - деді Зеленский.
Сонымен қатар, ол Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары