50276
Қызылордалық браконьер 1 тоннадан астам балықпен ұсталды
Қызылордалық браконьер 1 тоннадан астам балықпен ұсталды
Кеше Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап.
Рейд барысында сағат 10.30 шамасында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында ГАЗель маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекені тұрғынының тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 келі балық тасымалдағаны анықталды. Келтірілген залал - 2 317 466 теңге. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.