50595
Қызылорда облысында ер адамның мәйіті табылды
Қызылорда облысында ер адамның мәйіті табылды
Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұсындағы Сырдария өзені жағалауынан белгісіз ер азаматтың мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлімдеді департаменттен.Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында. Айта кетейік, әлеуметтік желіде табылған мәйіт белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің денесі болуы мүмкін екені айтылуда. Ол 2020 жылдың 15 ақпанында хабарсыз кеткен болатын.