50269
«Алтын орда» базарында 1,6 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды
«Алтын орда» базарында 1,6 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталды
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Базар әкімшілігі осы қаражаттың 1,1 млрд теңгесін бюджетке қайтарып үлгерген.
«Алтын Орда» базары – Орта Азиядағы ең үлкен базар, оның аумағы 29 гектарға жуықтайды. Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша базардың жұмысына тексеру жасалған. Тексерудің алдын ала қорытындысына сүйенсек, салық органдары базар әкімшілігінің 1,6 млрд теңге көлемінде заң бұзғанын анықтаған. Оның ішінде 1,1 млрд теңгені бюджетке қайтарды», - дейді ол.Оның айтуынша, көбіне ветеринария талаптары бұзылған, сондай-ақ, базар ішіндегі нысандардың көбі рұқсатсыз салынғаны анықталып отыр.