Соғыс басталғалы Қазақстанға қанша Ресей азаматы келгені анықталды

Соғыс басталғалы Қазақстанға қанша Ресей азаматы келгені анықталды

Соғыс басталғалы Қазақстанға қанша Ресей азаматы келгені анықталды
ашық дереккөзі
Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері Қазақстанға 130 мың ресейлік көшіп келген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты деп хабарлады turkystan.kz. Депутаттар Мәжіліс отырысында ақпан-наурыз айларында Қазақстанға қанша Ресей және Украина азаматы келгенін мәлімдеді. Марат Қожаевтың айтынша, қаңтардан осы кезге дейін елімізге 457 мың шетелдік келген. Олардың көбісі көрші елдерден келген, ең көбі – өзбектер, одан кейін – Ресей азаматтары. Оның басым бөлігі – көрші елдерден, ең көбі – өзбектер, екінші орында – орыстар.
«24 ақпаннан 11 сәуірге дейін 130 мың Ресей азаматы елімізге кірген. 120 мыңнан астамы шығып кетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі өсті. Бірақ, 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты шекара жабылғанын білесіздер. Оның алдыңғы жылдары 2018-2019 жылдармен салыстырғанда, бұл көрсеткіш үш есеге аз. Ол жылдары бірінші тоқсанда елімізге Ресейден 350-360 мың адам кіріп-шыққан», – деді Қожаев мәжіліс отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін қанша ресейліктің қазақстандық ЖСН алғанын және Қазақстан банктерінде шот ашқандығы туралы жазғанбыз. Тағы оқи отырыңыз: Ресей азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот ашып жатыр