Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері Қазақстанға 130 мың ресейлік көшіп келген. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты деп хабарлады turkystan.kz. Депутаттар Мәжіліс отырысында ақпан-наурыз айларында Қазақстанға қанша Ресей және Украина азаматы келгенін мәлімдеді. Марат Қожаевтың айтынша, қаңтардан осы кезге дейін елімізге 457 мың шетелдік келген. Олардың көбісі көрші елдерден келген, ең көбі – өзбектер, одан кейін – Ресей азаматтары. Оның басым бөлігі – көрші елдерден, ең көбі – өзбектер, екінші орында – орыстар.
«24 ақпаннан 11 сәуірге дейін 130 мың Ресей азаматы елімізге кірген. 120 мыңнан астамы шығып кетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі өсті. Бірақ, 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты шекара жабылғанын білесіздер. Оның алдыңғы жылдары 2018-2019 жылдармен салыстырғанда, бұл көрсеткіш үш есеге аз. Ол жылдары бірінші тоқсанда елімізге Ресейден 350-360 мың адам кіріп-шыққан», – деді Қожаев мәжіліс отырысында.Айта кетейік, бұған дейін қанша ресейліктің қазақстандық ЖСН алғанын және Қазақстан банктерінде шот ашқандығы туралы жазғанбыз. Тағы оқи отырыңыз: Ресей азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот ашып жатыр