Жол картасы: Ақтөбе облысында 56 кәсіпорын ашылды

Жол картасы: Ақтөбе облысында 56 кәсіпорын ашылды

Жол картасы: Ақтөбе облысында 56 кәсіпорын ашылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалиннің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттағы AMANAT партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2021 жылғы жұмыстары қорытындыланды. Былтыр өңірлік және аумақтық Жол карталарында жоспарланған 1 336 іс-шараның 1 252-сі немесе 93,7 пайызы жүзеге асты. Жыл басынан бері 1181 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 51 мыңнан астам  жаңа жұмыс орны құрылған. Бағдарламаға сәйкес, өңірде 56 кәсіпорын ашылып, жаңа кәсіпорындардан 1,3 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Өңірге 48,6 млрд теңге көлемінде инвестициялар тартылды. 149,3 км сумен жабдықтау және 411,1 км газбен жабдықтау желілері салынды.
«Партияның бас жоспары халыққа қажетті нақты жобалардан құралған. Сондықтан Жол картасын уақытында әрі сапалы орындау арқылы елдің әлеуетін көтеруге, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруына жұмыстануды жалғастырамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіруді ұсынды. AMANAT партиясы сайлауалды уәделерді орындап, сайлаушылардың сенімін ақтау арқылы лайықты саяси бәсекелестік жағдайында өзін көрсете алады», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Одан кейін облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева  сайлауалды бағдарламадағы жұмыстар туралы айтып берді. Ол республикалық бюджеттен қаржыландыру және қажетті құжаттаманың болмауына байланысты бірқатар жұмыстар биылғы жылға жоспарланғанын, Бозой орта мектебінің апатты жағдайда екені ескеріліп, жаңа мектептің құрылысына жобалық құжат жасалып жатқанын атап өтті. Жиында сөз алған Партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов қоғамдық кеңестердің жұмысы мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы  AMANAT партиясы депутаттары рейтингісінің алдын ала қорытындылары туралы айтты.
«Жол карталарының орындалуына жүйелі бақылау жолға қойылды. Жыл бойы депутаттық фракцияларының 96 отырысы, қоғамдық кеңестердің 651 отырысы өткізіліп, облыстың қалалары мен аудандарына 50-ден астам іссапар жұмыстары ұйымдастырылды. Қоғамдық кеңестер 880 мәселені қарады, атқарушы органдарға 1203 ұсыным берілді. Халыққа берген уәдемізді сапалы іске асыру қатаң партиялық бақылауда», - деді Ербол Данағұлов.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі депутаттар мен жауапты басқарма басшыларына Жол картасын жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарауды  қатаң тапсырды.  width=  width=  width=  width= Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы ұсыныс жасады