Алматыдағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Алматыдағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Алматыдағы әскери техника: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50439
Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың Алматы ішіндегі қозғалысына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Ведомствоның мәліметінше, бұл - Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық іс-шаралардың өтуімен байланысты. Министрлік қазіргі уақытта Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларының аумағында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі сәуір айында оқу-жаттығу жиыны өтетінін, осы орайда әскери бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға темір жол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді көздеп отырғанын хабарлаған еді. Президенттің әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтеді. Оның барысында бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.

Серіктес жаңалықтары