1874
Үнді және кәріс сериалдарын ауылды жерде көретіндер көп
Үнді және кәріс сериалдарын ауылды жерде көретіндер көп
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келесі жылы он шақты телесериал түсірілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Отандық сериалдар түсіріліп жатыр. Келесі жылы 10 шақты телеxикая жарыққа шығады. Ол туындылар өте сапалы болады. Ал үнді, кәріс, түрік сериалдары сұранысқа байланысты болып отыр. Әсіресе, ауылды жерде көретіндер көп. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірте-бірте азаяды деп ойлаймын. Мемлекеттік арналар бұл сериалдардан бас тартатын шығар. Ал дәл қазір бұл сериалдардан толық бас тартатын болсақ, қазақ телеарнасының аудиториясы шетелдік арналарға кетіп қала ма деген қорқыныш бар. Сондықтан балансты сақтауымыз қажет деп ойлаймын», - дейді Д.Абаев.