Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны белгілі болды

Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны белгілі болды

Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны белгілі болды
ашық дереккөзі
50229
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының кеңсесі Украинадағы жағдайға қатысты жаңа аралық мәліметті жариялады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының мәліметінше, 5 сәуірде сағат түнгі 12:00-дегі жағдай бойынша 3 776 бейбіт тұрғын зардап шеккен - 1 563 адам қаза тауып, 2 213 адам жараланған. Қаза тапқандар ішінде 379 ер адам, 237 әйел, 24 қыз және 43 ұл бала бар. Сондай-ақ 63 бала мен 817 ересек адам қаза тапқан, олардың жынысы әлі анықталмаған. 254 ер адам, 196 әйел, 44 қыз және 40 ұл, сондай-ақ жынысы әлі белгісіз 104 бала мен 1575 ересек адам жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандардың көпшілігі оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар, соның ішінде ауыр артиллерия мен зымыран шабуылы, сондай-ақ әуе соққылары салдарынан зардап шеккені айтылған. Бұл статистика құжатқа тіркелген құрбандарға ғана қатысты. Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы нақты көрсеткіштер әлдеқайда жоғары деп санайды. Өйткені кейбір жерден түскен хабарламалар кешігіп, көбі әлі де расталмаған. Бұған дейін Украина билігі Киев облысындағы Бучадан фото және бейнематериалдарды жариялаған болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі Бучадан түсірілген кадрларды арандатушылық деп атады.

Серіктес жаңалықтары