Әуезовтанудағы көкейкесті мәселелер

Әуезовтанудағы көкейкесті мәселелер

Әуезовтанудағы көкейкесті мәселелер
ашық дереккөзі
1777
Сөз өнеріне өзгеше өрнек салған кемеңгер жазушы, қазақ поэзиясының пайғамбары – Абай есімін жұртына танытқан, әлемге таныстырған, өзінің кемелдену жолында ізденіп, тұлғалы қалыптығы мен ұлт мерейін өсірген Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толады. Бөрілі қыстауының маңындағы Аяқ­қара­ғанда туған нәресте түркі әлемі­нен асып, сырт дүниеге маңдайы жар­қыра­ған тұлға болып жаралған екен. Мұхтар Әуе­зовтің қазақ руханиятының асыл текті шам­шырағы екенін күллі дүние түгел та­ны­ды. Бұл қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін де асқан абырой. Мұхтар Әуезов өзі пір тұтқан рухани ұстазы Абай Құнанбайұлы туралы «Ақын­дықтың әбілхаят суын ішкен, өлімді жең­ген, мәңгі тірлік тапқан Абай» деп баға бе­ріп, құрметі мен сүйінішін көзі тірісінде ұлт­тық жадқа сіңіруге тырысып, әйгілеп кет­кен еді. Абайтану ғылымының негізін сал­ған Мұхтар Омарханұлы бұл сөзімен Абай­дың хакімдігімен қатар, оның қазақ хал­қының дүниежүзілік өркениетке үкілеп қо­сар үлесін де дөп танып, өнер мен әде­биет­тегі құнарын білдіріп, тұтас елдің ру­хани өрлеу жолы «Абай жолы» екенін әйгілі ро­ман-эпопеясы арқылы паш етті. Бір ғұ­мырдың еншісіне осыншалық алып шаруа тие­сілі болыпты. Оның шапағатын бүгінгі қа­зақ ғылымы мен әдебиеті көріп отырғаны бел­гілі. «О, ғажап! Университет аудиториясына Ұлы­лық кіріп келе жатты» деп толғанған екен Зейнолла Қабдолов Әуезовтің лек­ция­ла­рына жасырын барып тыңдап жүргенінде. Ал сол ұлы тұлғаның өмірі үнемі бақылауда болды. 1920 жылдың 1 қыркүйегінде Семей губ­ревкомының төрағасы Большаковтың бұйрығымен Әуезов өз ұлтының қамын ғана ойлаған ұлтшылдығы үшін тұтқынға алы­нады. Әуезовті қуғындау осылай бас­талған. Небәрі 23 жасында түрменің дәмін та­тып, одан кейін өмір бойына соңына түс­кен аңду, лекцияларын білдіртпей сте­ног­раммаға түсіру, әр сөзін қалт жібермей қатаң цензурадан өткізу, талантты талқыға салу, міне жазушының кемеңгерлік жо­лын­дағы өмірінің шынайы көрінісі осы еді. «...Өлтіреді бізді! Тек сен тірі қал, халыққа сен керек­сің, сен!» деген ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұрсыновтың ағалық аманаты Мұхтарды қа­зақ үшін сақтап қалды. Абайдың ұстаздық құдіретін көркем әде­биетте сомдаған «Ақын аға» романы қыңыр саясаттың салдарынан жарыққа шық­пай жатып жөргегінде тұншықты. Бір таң­ғаларлығы кезінде аяусыз тәркіленген ро­манмен қауышуға оқырман қауым жарты ға­сырдай уақыт дәрменсіз болып келді. Тек ара­ға жылдар салып, тағдыры тәлкекке түс­кен «Ақын аға» жазушының 50 томды­ғы­на еніп, көзайым болған оқырманымен қай­та қауышты. Қазіргі зерттеушілер 1949 жылы «Әде­биет және искусство» жур­на­лын­да басылған «Ақындар ағасы», 1950 жы­лы «Ақын аға» деген атпен жеке кітап бо­лып шыққан туындылар арасындағы айыр­машылықты ден қоя зерттеу керек. Се­бебі соцреализм салдарынан жазушы тарт­қан мехнат, астарлы ой тереңдерге же­­­телейді. «Ақын ағаның» бар кінәсі Абай­дың ұстаздық құдіретін паш етті, ақын шә­кірттерін шындыққа жанасымды бей­неледі. «Ақын аға» тәркіленгенмен, эпо­пея­ның аяқсыз қалуы М.Әуезов үшін де, қазақ әде­биеті үшін де үлкен қасірет еді. Әуезовке та­ғы амалдауға, саясаттың ыңғайына көну­ге тура келді. Кейінгі шыққан «Абай жо­лы­ның» төртінші кітабында сәтті толық­тыру­лар болды дегенімізбен, «Ақын ағадағы» негізгі идея – Абайдың ақындық мектебі көмескіленіп қалды. Мәселен, романға арқау болатын Көк­байдың, Әріптің өлеңдері ерік­сіз енбей қалды. Әсіресе, Көкбай бейнесі қат­ты зардап шекті. Сөзіміз дәлелді шығу үшін қос нұсқаны қолға алайық. Романның басындағы төрттік жырды төрт ақын боп ай­татын жарыс үлгісін ұсынатын Көк­бай­дың орнына кейінгі нұсқада Ақылбай атал­са, «Ақын ағада» «Еңлік-Кебек» жырына та­лас­қан Дәрмен мен Шұбарға билік айту­шы Көкбай кейінгі нұсқада Ерболмен ал­мастырылған. Дәрменнен Еңлік жыры се­нікі деп, сүйінші сұрайтын да Көкбай бол­май Мағаш болып өзгерген. Тізе берсек, осын­дай ауыстырулар жетерлік. Тарихи шындықты осылайша саяси қа­лыптан аса алмаған, көнбіс көр­кем­дік шындық өз ырқына салды. Базаралы бо­льшевиктің сөзін «сөйледі». Абай Абылай тура­лы басқаша «толғады». Осының бәрі ро­манды аман алып қалу үшін жасалған жазу­шының жантәсілім амалдары еді. Абайды әлемге таныту үшін Құнанбайды ғана емес, романда аты аталмай кеткен Шә­кәрім, Турағұл сияқты Абайдың туыс-ба­лаларын да құрбандыққа шалды. «Ақын аға» романында Абай мектебі деген негізгі идеяның салмағын Көкбайға қарай ауда­рып амалдаған Әуезовтің жанкешті жос­пары да іске аспай қалды. Ақыры Абайдың ең жақын досы, ақын шәкірті Көкбай да жағымсыз кейіпкердің шапанын жамылып шыға келді. Құнанбайды тарихи тұлға ретінде сом­даса, эпопеяның алғашқы кіта­бы­мен қауышпас едік десек, Шәкәрім, Көк­байларды құрбандыққа шала отырып, Әуе­зов «Абай жолын» абыроймен аяқтап шы­қ­ты. Қиыспас жерінің қисынын кел­тірді, айтылмайтын тұстан амалдап жол тап­ты, әйтеуір кеңестік идеологияның қай­раулы қылышы кеңірдектен алып тұр­ған кезеңде ұлттың тарихы мен болашағын жал­ғастыратын ең таңдаулы туындыны дү­ниеге әкеле алды. Бұл – жазушының қаһар­мандығы. Ал осы эпопеяда Әуезов нені айта алмай кетті, нені меңзеді, астарлы ойы нені аңғартады деген мәселенің түйі­нін шешу – бүгінгінің еншісінде. Зерттеуші қауым әлі де осы бір тағдыры ауыр туын­ды­ға қалам батырудан тартыншақтай бере­ді. «Жазушы мұрасын зерттеп, танып, білу­де кезек күттірмес аса ділгір мәселенің бірі – М.Әуезовтің әдеби ортасы мен айна­ла­сына келіп тіреледі. Өйткені кемеңгер жазу­шының өмір жолында кездескен, ті­келей немесе жанама түрде араласқан сан қи­лы тағдырлы тарихи тұлғалар мен оның се­мейлік, орынборлық, ташкенттік, мәс­кеу­лік, санкт-петербургтік, алматылық нақ­ты­лы әдеби ортасы болғанына ешкім де күмән кел­тірмесе керек-ті», – деген көрнекті ға­лым М.Мырзахметұлының тұжырымы өте өзекті. Мұхтардың тағдыры – тағылым мек­тебі. Алайда Әуезовтің әдеби ортасы, ай­наласы туралы қалам тартып жүргендер не­кен-саяқ. Әуезовтің ғылыми өмірбаяны әлі жа­зылған жоқ. Ұлы жазушының шы­ғар­машылығын, өмірін, бүкіл ғұмырын тың деректермен толықтыра отырып қайта жазу қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің Мәс­кеу ауруханасындағы жұмбақ өлімінің ас­тарын әлі де арши түсу керек. З.Қабдоловтың «Менің Әуезовімде» мынадай бір дерек бар: «Ленинград кө­­­шесінде кездескен бір құшынаш кемпір Мұхтардың алақанына үңіліп... – денеңе үш рет пышақ тиеді. Ажалың пышақтан бола­ды». Әуезов әлемін бүге-шігесіне дейін жақ­сы білетін Қабдолов нені айтқысы кел­ді, нені меңзеді екен? Бұл детальді жазушы бе­кер қолданбағаны да аян. «Осыдан 20 жыл бұрын Мұхаңды тү­сімде көрдім. Ол кісі бізге, бір топ жазу­шы­ға қарап: «Жігіттер, мен өлген жоқпын, мені өлтірді ғой» деп мұңайып тұр. Түсімді біраз­ға дейін ұмыта алмай жүрдім. Жалпы, ол кісінің өлімі төңірегінде біраз құпия бар. Кремль саясаткерлері әлемге әйгілі тұл­ға­ның қажеті жоқ деп есептеді ме екен, кім біл­сін...» деп сыр тарқатқан жазушы Дулат Иса­бековтің пікірінің астарында да бір құ­пия жасырынғандай. Мұхтар Омарханұлы дүниеден өтерінен екі күн бұрын жазған ха­­­тында былай дейді: «...очень-очень со­жа­лею, что я в прошлом году не смог вос­по­ль­зо­­­ваться добрыми дружескими приг­ла­шениями коллектива мясокомбината и общественности поехать на открытие надг­робия Абая. Но поправлюсь от болезни, эту поездку совершу обязательно». Жазушы аурудан айығатынына сеніммен қараған, үміт еткен. Әрине, бұл адамның қолымен жасалған қастандық па, жоқ Алланың қалауымен болған өлім бе, осы арасы әлі де жұм­бақ-ты. Әуезовті тану ісінде осы іспет­тес дүдәмал мәселелер әлі де баршылық. Ал олардың ақиқатына аршу баршамыздың ортақ парызымыз деп түсінуіміз керек. Ұлттың асылына балап, әр шыққан сапарында Әуезовін тастамайтын Шың­ғыс Айтматов, «Сіз әлі «Абайды» оқы­ған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқы­мағаныңыз» деп таң-тамаша болған не­міс жазушысы Альфред Курелла, «Шы­нын­да, бұл қазақтар неткен ғажайып ха­лық! Осы кереметтік «Абай» романында қан­дай тамаша суреттелген!» деп ағынан жа­рылған камерундық Бенжамен Матип пі­кірлерін кейінгі буынға айтудан жа­лық­пауымыз керек. Қазіргі ақпарат ағыны белең алған қоғамда көркем шығарма оқи­тын жастар сиреп барады. Жасыратыны жоқ, «Абай жолын» оқымай, мемлекеттік ем­тихан тапсыруға келетін студенттер де бар. Сонда Абаймен сусындап, Әуезовті тұ­шынбаса келер ұрпаққа не тәрбие бермек? Әуе­зовті тану ісін осылайша әркім өзінен бастау керек деп ойлаймын. Абайтанудың іргесін көтеріп, қабыр­ға­сын қатайтқан, шығармашылығы сан қыр­лы кемеңгер тұлғаны тануға қатысты ат­қарылар істер әлі түгесілген жоқ. Әуезов­тану­­дың көсегесін көгертпей, ұлттық құн­ды­лықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес екенін еске салғым келеді.

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Серіктес жаңалықтары