Ресей Украинаның бір «бүйірінен» соққы дайындап жатыр

Ресей Украинаның бір «бүйірінен» соққы дайындап жатыр

Ресей Украинаның бір «бүйірінен» соққы дайындап жатыр
ашық дереккөзі
Ресей Украинаға шабуылды өздерін-өздері жариялаған «Днестр жағалауы республикасынан» жалғастыруды жоспарлап отыр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей әскерін шығыс пен оңтүстікке шоғырландыратынын айтты.
«Алдағы кезде Ресей армиясы Украинаның оңтүстік-батысынан соққы беруі мүмкін. Қазір өздерін-өздері жариялаған «Днестр жағалауы республикасының» орталығы Тирасполь қаласының әуежайы Ресейдің ұшақтарына дайындалып жатыр. Сонымен бірге ресейлік әскер Донбассты толығымен жаулап, басып алынған Қырымға құрық салу үшін Украинаның шығыс және оңтүстік өңірінде соғыс қимылдарын күшейтеді деп отырмыз», - деді ол.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те осы мәліметті растап отыр. Ол жақында өткізген баспасөз мәслихатында Солтүстік Альянс Украинаға басып алынған жерлерді азат ету үшін қолдау көрсететініне уәде берді. Тағы оқи отырыңыз: Украин сарбаздары Ресейдің шекарасына жетті