50897
«Қостанайда Қайрат Нұртасты ұрып кетті»: Полиция түсініктеме берді (ФОТО)
«Қостанайда Қайрат Нұртасты ұрып кетті»: Полиция түсініктеме берді (ФОТО)
Қостанай облыстық Полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков Facebook-тегі парақшасында Қостанайда болған оқиға туралы хабарлама түскенін жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін маған WhatsApp желісінде Қостанайда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың қатты соққыға жығылғаны туралы хабарлама келді. Бұл жаңалыққа «Полиция департаментінің басшысы баспасөз қызметі арқылы түсініктеме берді» делінген. Мен Қайрат Нұртаспен бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын. Дәлел - біздің бірлескен фотосуретіміз», - деді ПД басшысы.Танымал әнші Қостанайда концерт өткізуге келген. Полиция қазір фейк жаңалықтың авторын іздеуге кірісті.