50238
Алматыда есірткі тасушы курьер болып жұмыс істейтін студент ұсталды
Алматыда есірткі тасушы курьер болып жұмыс істейтін студент ұсталды
Алматыда есірткі тасушы курьер болып жұмыс істеген 19 жастағы студент ұсталды. Оны полиция қызметкерлері мен есірткі қылмысымен күресушілер оқиға орнында ұстады деп хабарлады turkystan.kz.
Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінің 3-курс студенті екі ай бойы есірткі тасушы курьер болып жұмыс істеген.
Күніне орта есеппен 20-25 есірткі жеткізіп келген. Жас жігіт телеграм чатта орындалған жұмысын баяндап, сурет пен геолокацияны көрсетіп отырған.
Әр есірткіні жеткізгені үшін жұмыс берушіден 1 мың 200 теңге алған.
«Есірткі сатушы «Қайрат» ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінің маңында жедел және арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Тінту кезінде одан Меф 1,0*10 және Меф 0,5*15 деген жазуы бар полиэтилен бума табылып, тәркіленді. Буманың ішінде ашық-қоңыр түсті ұнтақ затымен 25 полиэтилен бума бар. Аталған дерек тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов.