Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50478
Түркістан облысының полицейлері Жетісай қаласының саябағындағы шүберектер байланған ағаштарды сындырған азаматты анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде екі жігіттің шүберек байланған ағаштарды сындырып, артынша өртеген видеосы тарады. Олар өздерінің бұл әрекетін халықты жалған ырымға сенбеуге шақыруымен байланыстырды. Алайда видеоның астына оқырмандар «ағашты сындырмай, шүберектерді алып тастау керек, ертең басқа талға ілсе, оны осылай сындыра ма?» деген пікірлерін жазды. Өз кезегінде жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушы азаматқа қатысты хаттама толтырғанын мәлімдеді.
«Түркістан облысы ПД-нің полицейлері бірден бейнежазбадағы жайт бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаның Жетісай ауданында болғанын анықтады. Яғни құқық бұзушы ер адам Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Жетісай аудандық сотына жолданды. Сондай-ақ тұрғынның әрекетіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Серіктес жаңалықтары