276
Мұхамедиұлы "Жұлдыз ФМ" радиосының студиясында Beatles тобының әнін орындады
Мұхамедиұлы "Жұлдыз ФМ" радиосының студиясында Beatles тобының әнін орындады
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жұлдыз ФМ" радиосының студиясында Beatles тобының әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әйгілі ливерпульдік төрттіктің Yesterday әнін ол "На вершине Тенгри" жобасының қатысушысы Марина Галицкая мен композитор Артур Оренбургскиймен бірге айтты.
"Таңғы шоу" эфирінде министр өзінің бос уақытында музыкамен әуестену әуестенетінін айтты. Оның айтуынша, кей кездері тұскі үзілісте де музыкамен айналысуға мүмкіндік туады.
"Музыкалық аспаптар - олар қанаттандырады, қандайда бір әуенді, классикалық шығармаларды, халық әндерін орындағанда. Бұл қажет нәрсе. Бұл кез-келген адамға, шабыттанған уақыттан немесе бірдемені уайымдағанда жақсы көмек болады. Менің мамандығым виолончелде ойнау, фортепианода, домбырада ойнаймын, дирежорлық етемін", - деді Арыстанбек Мқхамедиұлы, радиошоудың таңғы эфирінде сұрақтарға жауап бере отырып.
Сонымен қатар, әннің музыказын жазатынын айтты. "Мен әуенді жан рақатым үшін, достарым жазамын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мен философия мен тарихқа қызығушылығым артып жүр. Алдағы уақытта біздің қоғамның ерекшелігі, көзқарасы туралы арнайы кітап жазу ойымда бар", - деді министр.