Отандық тауар өндірушілердің веб-порталы іске қосылды

Отандық тауар өндірушілердің веб-порталы іске қосылды

Отандық тауар өндірушілердің веб-порталы іске қосылды
ашық дереккөзі
Жақында ОҚО-да тауар өндірушілер веб-порталының таныстырылымы өтті. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты 14 ауданда өткен жиынға ұзын-ырғасы 1000-ға жуық кәсіпорын жетекшілері қатысты. Аталмыш шара қарашының 21-29 аралығында ұйымдастырылған болатын. Сайрам ауданынан басталып Мақтаралда мәреге жеткен жиында отандық тауар өндірушілер өз ойларын ортаға салып, өндіруші кәсіпорындардың өнімдерінің өтімділігін жоғарылатуда әм қолжетімділік пен сұранысты арттыруда негізгі тенденцияларды талқыға салды. Айта кетейік, аталған бағытта облыс әкімінің бастамасымен «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бірегей жоба www.ondiris.kz тауар өндірушілер вэб-порталын іске қосылған болатын. Веб порталға өзі туралы мәліметтерді орналастыру кәсіпкерлер үшін тегін. Қазіргі таңда порталда ОҚО бойынша негізгі 14 салалық бағытта 1000-нан аса отандық тауар өндірушілердің профильдері, 2 мыңнан астам тауарлар орналастырылған. Сондай-ақ, негізгі порталмен қатар, жуық арада ONDIRIS.KZ мобильдік қосымшасы іске қосылып, жылына екі рет арнайы ONDIRIS.KZ журналы басылып таратылатын болады. Жуық арада аталмыш қосымшаны смартфонға Android және iOS платформаларынан жүктеп алуға мүмкіндік туады. Мобильдік қосымша өз кезегінде әрбір қолданушыға кез-келген уақытта жеке профильде ыңғайлы жұмыс істеуге септігін тигізбек.