Дубайдағы «EXPO - 2020» көрмесінде Қазақстан павильоны үздік деп танылды

Дубайдағы «EXPO - 2020» көрмесінде Қазақстан павильоны үздік деп танылды

Дубайдағы «EXPO - 2020» көрмесінде Қазақстан павильоны үздік деп танылды
ашық дереккөзі
Дубайда өткен «EXPO - 2020» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны үздіктердің бірі ретінде танылды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан павильоны үздік деп танылып, екінші орынды иеленді. Бірінші орын – Германия, үшінші орын – Италия», - делінген ҚР СИМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстандық павильон БАӘ-нің басты павильоны жанындағы «Мүмкіндіктер» деп аталатын тақырыптық кластерде орналасқан. Оның келушілері өңірдің әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Павильонның сыртқы келбеті заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған Шығыс стилімен ерекшеленді. Қабырғалары жеңіл құрылымнан жасалған. Ланцет арка Түркістанның қасиетті жерлерін еске салады. Павильонның кіреберіс аркасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениеті элементтерімен безендірілген. [caption id="attachment_174128" align="alignnone" width="1200"]EXPO-2020 Фото: Tengrinews.kz/Мейирим Смайыл[/caption] Экспозиция өз ішінде бірнеше аймаққа бөлінді. Қабырғалары айна мен экрандардан жасалған басты зал - Ұлы дала аймағы деп аталды. Олар шексіз кеңістіктің бейнесін жасады, ал жасанды шөп дизайны шексіз дала көрінісін берді. Павильонда тіпті дала иісі болды. Ол үшін Жусан иісі бар хош иіс қолданылған. [caption id="attachment_174129" align="alignnone" width="1200"]EXPO-2020 Фото: Tengrinews.kz/Мейирим Смайыл[/caption] [caption id="attachment_174131" align="alignnone" width="1200"]EXPO-2020 Фото: Tengrinews.kz/Мейирим Смайыл[/caption]