Ресейде Instagram-ның тағы бір аналогы жасалды

Ресейде Instagram-ның тағы бір аналогы жасалды

Ресейде Instagram-ның тағы бір аналогы жасалды
ашық дереккөзі
«Яндекс.Музыка» және «Яндекс.Облака»-ның бұрынғы қызметкері Дмитрий Маринин көпшілікке Ресейде бұғатталған Instagram-ды алмастыратын жаңа «Now» әлеуметтік желісін ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Қосымшаның ресми Telegram арнасының мәліметтері бойынша, қазір оған 40 мыңнан астам қолданушы тіркелген. Әлеуметтік желі бейнелерді бөлісуге және фотосуреттерді қосымшаның ішінде өңдеуге, пікір білдіруге мүмкіндік береді. Алайда онда Storiеs аналогы әзірге жоқ, бірақ, әзірлеушілер оны жақын арада қосуға уәде берген. Наурыз айының ортасында Instagram-ның функцияларын толығымен көшірген «Россграм» әлеуметтік желісінің құрылғаны туралы белгілі болған еді. Жобаның негізін қалаушы және PR-директоры – «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің және компаниясының, сондай-ақ Telegram кросс-платформалық мессенджерінің негізін қалаушылардың бірі   Павел Дуровтың курстасы - Александр Зобов. Ресейде Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілері бұғатталған. Мұндай реакция Reuters ақпараттық агенттігінің эксклюзивті материалынан кейін пайда болған еді.