«Неге бірден «Стограмм» емес?»: Ресейде Instagram-ның орнына «Россграм» шығады

«Неге бірден «Стограмм» емес?»: Ресейде Instagram-ның орнына «Россграм» шығады

«Неге бірден «Стограмм»  емес?»: Ресейде Instagram-ның орнына «Россграм» шығады
ашық дереккөзі

Ресейде 28 наурыздан бастап Instagram-ның орнына «Россграм» шығады деп хабарлады turkystan.kz. Odessa.online порталына сілтеме жасап. Жаңа желіде Instagram-дағы қызметтердің бәрі болады екен. Қазір «Россграмды» шығарумен ВКонтакте және Telegram әлеуметтік желілерін құрған Павел Дуровтың курстасы, «Реальный футбол» балалар мектебінің бас директоры Александр Зобов пен кәсіпкер Кирилл Филимонов айналысып жатқан көрінеді. Жаңа желінің атауы ресейліктердің өздеріне ұнамаса керек, осы жаңалыққа байланысты кейбіреуі «Неге «Россграм»? Неге бірден «Стограмм» емес?» деп әзіл-шыны аралас комментарийлер жазып жатыр.