Президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратыны белгілі болды

Президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратыны белгілі болды

Президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту аясында Президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратыны туралы хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының саяси реформаларға қатысты жолдауын іске асыру жөнінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленді. Құжатта «Президенттің өкілеттіктері туралы» бірінші бағыт бойынша 3 іс-шараны іске асыру көзделіп отыр. Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға бірқатар түзетулер енгізіледі», – деді министр.
Олар:
  • Президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтату;
  • Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу;
  • Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
  • аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жою.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, партиялық құрылымдар мен мемлекеттік аппараттың бірігуіне жол берілмейді. Бұл мақсатта Есеп комитеті, Орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық кеңес төрағалары мен мүшелері міндетті түрде партия қатарынан шығуы тиіс. Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарларына қандай да бір саяси партиялардың филиалдарында жұмыс істеуге тыйым салынады.