50343
Түркістанда әкім орынбасары кафеде әйелмен жаға жыртысты (ВИДЕО)
Түркістанда әкім орынбасары кафеде әйелмен жаға жыртысты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген жанжалдың видеосы пайда болды. Болжам бойынша, кадрға ауылдық округ әкімдерінің бірінің орынбасары мен Сайрам ауданының полиция қызметкерлері түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бейнежазба DK NEWS YouTube арнасында жарияланған. Видеодағы жазбаға сүйенсек, Түркістан облысындағы кафеде ауылдық округ әкімдерінің бірінің орынбасары мас халде жанжал шығарған. Кафеде Сайрам ауданының полицейлері де болған.
«Әкім орынбасары кафеде жанжал шығарды. Түркістан облысы. Ақсукент», - делінген видеоның жазбасында.Аталған видеоға қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Оқиғаның Сайрам ауданында болғаны анықталды. Бейнежазбадағы жанжал Түркістан облысы Полиция департаментінің назарына ілікті және қызметтік тексеріс басталды. Болған жайттың мән-жайы қосымша хабарланатын болады», - деп түсіндірді ведомстводан.Назар аударыңыз: Видеода бейәдеп сөздер бар!