Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды

Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды

Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстандық 6 бірдей ауыр атлеттен допингке қарсы сынақ кезінде оң нәтиже анықталды деп хабарлады turkystan.kz Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді», - делінген хабарламада.
Бақылау қорытындысы бойынша, келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:
  1. Әуелханов Абылай
  2. Сон Игорь
  3. Потасова Юлия
  4. Чалкарова Руфина
  5. Дроздов Алексей
  6. Макрушин Матвей.
Федерация таратқан мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған барлық спортшы - Алматы облысының өкілдері.
«Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», - деп хабарлады аталған ведомстводан.