«Сен менің қайным емес..»: Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғар Нұртас туралы айтты

«Сен менің қайным емес..»: Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғар Нұртас туралы айтты

«Сен менің қайным емес..»: Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғар Нұртас туралы айтты
ашық дереккөзі
51426
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында қайнысы Заңғар Нұртас туралы ойын айтты деп жазды turystan.kz. Оның айтуынша, Заңғар қайын іні емес, бауырындай болып кеткен.
«Сен менің қайным емес, бауырымдайсың. Себебі, келін боп түскен сәттен бастап маған «жеңге» деп емес, «әпке» деп қарадың. Жалған өмірде жаныңа жақын жандар аз болса, сол аздың ішіндегі көпке татырлығы өзіңсің. Бала болсаң да жандүниемдегіні көзімнен түсініп, қолыңнан келгенше қолдап жүретінсің. Сондықтан бұл қуаныш мен үшін бәрінен биік. Өміріңдегі ең маңызды сәтіңде жаныңда болып қолдай алмасам, қуанышыңды бөлісе алмасам, шын жүрегімнен шыққан ақ тілегімді көзіңе қарап жолдай алмасам, екеуміздің бауырмалдығымызға, жақындымызға сын емес пе?!. Жібек екеуіңнің махаббаттарыңа со-о-ол кезден бастап куәмін. Өз қолымнан шай беріп, кіршіксіз сезімдеріңе сүйсіне қараушы едім. Бақыттың бесігін мәңгі бірге тербетулеріңді тілеймін. Жандарым менің!» деп тебіренді ол.

Серіктес жаңалықтары