Сәбиін өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

Сәбиін өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

Сәбиін өлтірген ер адам 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Сот алты 6 ұлын өлтірген Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына қатысты шешім шығарды деп жазды turkystan.kz. Ер адам сол күні ішімдік ішкендіктен, оқиғаның еміс-еміс қана есінде сақталғанын айтып ақталған. Оның айтуынша, жаялықты ауыстырмақ болған кезде баласын қолынан түсіріп алған.
«Сол күні келіншегім үйде болған жоқ. Ас үйден шығып келе жатқанда линолеумға шалынып, құлаған сияқтымын. Балам қолымнан ұшып кетті. Кенеттен ол көгеріп, үнсіз қалды. Сосын мен көршілерден көмек сұрадым», – дейді ол.
Көмекке келген көршісі ес-түссіз жатқан сәбиді жерден көтеріп, жедел жәрдем көлігін шақырған екен. Енді шығысқазақстандық азамат жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді.