Ердоған мен Путин Ресей-Украина келіссөздерін өткізуге келісті

Ердоған мен Путин Ресей-Украина келіссөздерін өткізуге келісті

Ердоған мен Путин Ресей-Украина келіссөздерін өткізуге келісті
ашық дереккөзі
Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған жексенбі күні телефон арқылы сөйлесті. Қос тарап Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің келесі раундын Ыстамбұлда өткізу туралы уағдаласты деп жазды turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Келіссөздер барысында Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай мен келіссөздер барысы талқыланды. Президент Режеп Тайип Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин Ресей мен Украина келіссөздер делегацияларының келесі кездесуін Ыстамбұлда өткізуге келісті», - деп хабарлады журналистерге Түркия Президентінің кеңсесінен.
Бұған дейін Ресей делегациясының басшысы, Президент көмекшісі Владимир Мединский Ресей мен Украина делегациялары келіссөздердің кезекті бетпе-бет раундын 29-30 наурызда өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Анкара Ресей мен Украина арасында қысқа уақытта бітім мен бейбітшілік орнату, сондай-ақ өңірдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту қажеттігін, Түркия бұл жағдайға өз үлесін қосуды жалғастыратынын айтты.