Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50270
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы командалық жарыста құрлықтық біріншіліктің алтынын жеңіп алды. Команда құрамында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Назаров және Евгений Гидич өнер көрсетті. Велошабандоздар 24 км қашықтықты 26 минут 48.933 секундта бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша Моңғолия құрамасы - екінші, ал Иран құрамасы үшінші болды. Тағы оқи отырыңыз: Түркияда 16 жастағы қазақстандық велошабандоз қаза тапты

Серіктес жаңалықтары