Түркияда 16 жастағы қазақстандық велошабандоз қаза тапты

Түркияда 16 жастағы қазақстандық велошабандоз қаза тапты

Түркияда 16 жастағы қазақстандық велошабандоз қаза тапты
ашық дереккөзі
Маунтинбайк велоспортынан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

VeloFriends қауымдастығының ақпаратына сенсек, 23 наурызда жаттығу кезінде қазақстандық Кирилл Ивахин таудан түсіп келе жатып, қарсы бағыттағы көлікке соғылған. Ол алған жарақатынан көз жұмды.

Айта кетсек, 16 жастағы велошабандоз Талдықорғанда дүниеге келген және көпбалалы отбасынан шыққан.

Тағы оқи отырыңыз: Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді