Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады
ашық дереккөзі
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған деп жазды turkystan.kz. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныс түскен. Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған. Енді қала атауын өзгерту туралы соңғы шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.