Роза Рымбаева кеудесінен итерген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген (ФОТО)

Роза Рымбаева кеудесінен итерген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген (ФОТО)

Роза Рымбаева кеудесінен итерген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген (ФОТО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Роза Рымбаева кеудесінен итеріп жіберген жігіттің әншімен тескен фотосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Роза Қуанышқызы наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде өзімен суретке түскісі келген фанатын итеріп жіберген. Аталған сәттің видеосы Instagram-да тарады. Көпшілік жас баланың кеудесінен қаққан Халық әртісін сынға алды. Кейбірі сахнаға рұқсатсыз атып шыққан жігіттің әрекетін бейәдепсіздік деп бағалап, Рымбаеваны жақтады. Ал бұл аралықта желіде Рымбаевамен түскен селфи жарияланды. Халық әртісі қарсылық білдірсе де, жас жігіт онымен суретке түсіп үлгерген. Көпшілік фотоны қызу талқыға салды.
«Түсіп үлгеріпті ғой, жап жас балаға сонша сөйлегені несі?», «Бүйтіп түскен селфиі құрысын», «Енді Розамен ешкім суретке түспейді халықтың махаббатын сезінбес», «Сахнада өлең айтып тұрған адамға несі бар жүгіріп? Әр нәрсенің орны бар ғой. Өлеңін бітірген соң түссін. Этикет болу керек», «Бала байғұс түскеніне өкініп қалды ғой», - деп жазды көпшілік.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)