51107
«Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк»: Айдарбекова келіндеріне ақылын айтты
«Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк»: Айдарбекова келіндеріне ақылын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында келіндеріне ақыл-кеңес берді. Ол келіндерін адал болуға, ата-енесін сыйлауға шақырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Алла бақ берсін, жандарым сол, өмірімнің жалғасы…«Абысын тату болса, ас көп деген», cендер тату болсаңдар, ұрпағымызбен бақыттымыз. Ата-ананың, бауырлардың, бала-шаға, құда-құдағи, бәрінің татулығы - сендердің қолдарыңда. Әпкелі-сіңлідей бір-біріңе әулеттің бақыты үшін, адал болыңдар. Ендігі өміріміз сендердікі, сол себепті, өміріміздің жалғасы сендер. Ертеңгі күні біздер де сендердің қолдарыңа, көңілдеріңе қарап өмір сүреміз, ол - өмірдің заңы. Ата-ананың батасы сендердің өмірлік бақ-берекелерің, осыны ұмытпаңдар. «Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк» деген, бақытты болуларың үшін емес, осы әулет сендердің ұрпақтарың болғандықтан, бақытты етемін деген ниетпен, барлығына үлкен сеніммен қадам басуларыңа тілекшімін, жандарым сол! Мына суреттеріңді көріп толқып, қуанып отырмын. Алла бақ берсін», - деп жазды продюсер.