Қатты дауыл Каспий құбыр консорциумы терминалының жұмысына әсер етті

Қатты дауыл Каспий құбыр консорциумы терминалының жұмысына әсер етті

Қатты дауыл Каспий құбыр консорциумы терминалының жұмысына әсер етті
ашық дереккөзі
Бұл туралы Энергетика министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийск аумағында қатты дауыл болып, бұл Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына әсер еткен. КҚК ақпаратына қарағанда, биылғы 22 наурыздағы кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды. Осыған байланысты КҚК тиісті жөндеу жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр» деп жазылған министрлік  атартқан ақпаратта.
Тағы оқи отырыңыз: Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді