«Сбербанк» мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге автокөлік сыйлады

«Сбербанк» мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге автокөлік сыйлады

«Сбербанк» мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге автокөлік сыйлады
ашық дереккөзі
50244
«Сбербанк» АҚ Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Балдәурен» күндіз болу оңалту орталығында ем алатын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге су жаңа екі автокөлік сыйға тартты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз осыдан бір ай бұрын бірнеше мекемеге демеушілік жасау жөнінде өтініш хат жолдағанбыз. Мақсатымыз – бұған дейін бүлдіршіндерді жалдамалы көлікпен тасымалдап келген орталыққа көлік сыйлау болатын. Өтінішімізді «СберБанк» АҚ қабыл алып, осындай керемет сыйлық жасады. Алдағы уақытта Асық ата кентіндегі «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығына да осындай көліктерді тарту ету жоспарымызда бар. Көтерген бастамаларымызға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз», - дейді «Аялайық балаларды» қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы Жармахан Әден.
2017 жылы ашылған аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардан күйзелістен шығару үшін логопед, психолог, дефектолог, еңбек, музыка, массаж, емдік дене шынықтыру және дене шынықтыру мамандары балаларға арттерапия, әуен терапиясы, құм терапиясы және иппотерапия сынды емнің тиімді тәсілдері қолданылып келеді. сбербанк

Серіктес жаңалықтары