50684
«Ақберен Елгезек - Абай облысының әкімі»: ақын құттықтаудың астында қалды
«Ақберен Елгезек - Абай облысының әкімі»: ақын құттықтаудың астында қалды

Бүгін әлеуметтік желіде жаңадан ашылған Абай облысының әкімі болып ақын Ақберен Елгезек тағайындалды деген ақпарат желдей есті. Бұл - фейк деп жазды turkystan.kz.
Өйткені мұндай ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Сондай-ақ бұл жаңалықтың жалған екенін ақынның өзі де мәлімдеді.
«Телефоныма тыным болмай кетті. Бәріне жауап беру мүмкін емес. Ағайын, бұл - фейк ақпарат. Баршаңыздың тілектеріңізден айналдым! Біз - жазушы адамбыз. Саясатпен саясаткерлер айналыссын. Біздің мұрат - мәңгілік құндылықтар руханиятқа, әдебиетке қолдан келгенше қалтқысыз қызмет ету» деп жазды Ақберен Елгезек Facebook-тегі парақшасында.Тағы оқи отырыңыз: «Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмән жоқ» – саясаттанушы