«Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмән жоқ» - саясаттанушы

«Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмән жоқ» - саясаттанушы

«Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмән жоқ» - саясаттанушы
ашық дереккөзі
Саясаттанушы Расул Жұмалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына пікір білдіріп, жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмәнданбайтынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
 «Бүгінгі Жолдау көпшіліктің көңілінде жүрген мәселелерге жауап берді. Ең бастысы, түрлі іштегі де, сырттағы да тәуекелдерге бойұсынбай, демократиялық реформалар жалғасын табады. Ұлттық құрылтайдың құрылатыны, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетілдіру секілді нақты қадамдар іске аспақ. Қасым-Жомарт Кемелұлы суперпрезиденттік жүйенің ескіргенін алға тарта отырып, өзінің партиялық мүшелікте болмайтынын айтып, өзінің өкілеттіктерін де Парламентке беріп, оның әлеуетін күшейтуді ұсынды. Осылайша халықтық басқару жүйесі нығая түседі. Президенттің туыстарының мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда жұмыс істеуіне тыйым салынады», - деді ол.
Одан әрі ол Президенттің Жезқазған, Семей өңірлеріне облыс мәртебесін беріп, оларды жаңғырту мен әкімшілік басқару жүйесін жетілдіру үшін Алматы облысын екіге бөлу туралы ұсынысын қолдайтынын айтты.
«Жаңа облыстардың атауларында қазақтың иісі бар. Ұлытау, Абай, Жетісу деген - әдемі атау. Әрине, Президенттің ұсыныстары мен міндеттері кең ауқымда ұғынуды талап етеді. Алайда қазірдің өзінде әділетті қоғам мен елдің игілігі үшін жасалатын Жаңа Қазақстан тұжырымының іске асып жатқаны күмән тудырмайды. Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына күмән жоқ», - деді саясаттанушы.