Байзақтағы жарылыс сарбаздардың мойнына ілініп жатыр

Байзақтағы жарылыс сарбаздардың мойнына ілініп жатыр

Байзақтағы жарылыс сарбаздардың мойнына ілініп жатыр
ашық дереккөзі
50381
Жамбыл облысындағы 17 адамның өлімі 4 сарбаздың мойнына артылуы мүмкін. Әскери бөлімде болған жарылысқа бірнеше жауынгер айыпталып жатыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алған деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап Ал күдіктілердің жақындары жоғары лауазымды әскерилер өздерін ақтап алу үшін бар кінәні жауынгерлерге жаба салды деп санайды. Шымкенттің тумасы Әсет Әшірбай Құландағы 42062 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген. Сол жерден жалпы саны 40 сарбаз Байзақтағы әскери бөлімге жеткізіліп, оларға қару-жарақ қоймасын тазарту жұмыстары жүктеліпті. 26 қазан күні 4 жауынгер сол тапсырманы орындауға қалған. Олар кетіп қалғасын бір сағаттан соң жойқын жарылыс болған. Енді осы жағдайға қоймадан соңғы шыққан төртеуі айыпталуда.
«19 қазанда балаларымыз қайтуы керек еді. Біз, ата-аналары, күтіп отырмыз. Әрқайсысы әр жақта жүрді. Оларды тағы 10 күнге қалдырды. Сол жарылыстың кесірінен сарбаздардың ішінен төртеуін тергеуге алған», - дейді Ә.Әшірбайдың анасы Алмагүл Асанова.
Сарбаздар өткен жылдың қазан айында әскери борышын өтеп болып, артынша келісімшарт негізінде қызмет етуге қалады. Кейін біртіндеп тергеуге шақырыла бастайды. Ал бірнеше күн бұрын төрт әскериді қамауға алыпты. Екі бап бойынша айып тағылған – бөтеннің мүлікін қасақана жою немесе бүлдіру және әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру. Бұл ретте ата-аналардың секем алулары бекер емес. Өйткені олардың кейбіріне әскери шенділер күдікті ұсыныс жасаған.
«Маған мына жердегі бастық Мамырбаев «Балаңызды көндіріңіз, басқа біреуге аударамыз» дейді. «Не үшін? Мен баламмен сөйлесемін» дедім. Балам «Біз еш нәрсе істеген жоқпыз» дейді», - деді Алмагүл Асанова.
Ал әскери тергеу басқармасы бұл іске қатысты ләм-мим деп жауап бермеді. Еске сала кетсек, былтыр тамыз айында Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан еді. Бір жауынгерден әлі күнге хабар жоқ. Оқыс жағдайдың себебі де сол күйі айтылмады.

Серіктес жаңалықтары