QazaqGaz АҚ-ның басшылық құрамында өзгерістер болды

QazaqGaz АҚ-ның басшылық құрамында өзгерістер болды

QazaqGaz АҚ-ның басшылық құрамында өзгерістер болды
ашық дереккөзі
50249
Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының келісімі бойынша Басқарма құрамы толығымен жаңартылды деп хабарлады turkystan.kz. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып министрліктерде, мемлекеттік қаржы ұйымдарында және ведомстволарда елеулі жұмыс тәжірибесі бар Мұқай Ерлан Баққожаұлы тағайындалды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары болып Мейірбек Уақасұлы Ихсанов тағайындалды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Ақан Айдын Мұхитұлы тағайындалды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының стратегия және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына ҚР газ тасымалдау саласында 20 жыл жұмыс өтілі бар Арман Ғинаятұлы Қасенов тағайындалды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқармасы 5 адамнан тұрады: Басқарма Төрағасы Жаркешов С.С, Басқарма мүшелері: Мұқай Е.Б, Ихсанов М.У, Ақан А.М, Қасенов А.Ғ. Айта кетсек, бұдан бұрын қабылданған шешімге сәйкес, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма мүшелері Рустам Сулейманов, Тайыр Жанұзақ, Бекзат Абайылданов, Руслан Абдуллин, Азамат Майтиевтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Тағы оқи отырыңыз: Назарбаев пен Нығматулин заңсыз майнингпен айналысып келген

Серіктес жаңалықтары