Назарбаев пен Нығматулин заңсыз майнингпен айналысып келген

Назарбаев пен Нығматулин заңсыз майнингпен айналысып келген

Назарбаев пен Нығматулин заңсыз майнингпен айналысып келген
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фирмаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізді деп хабарлады turkystan.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатты. Олардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен, «QazaqGaz ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевпен және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллинмен үлестес фирмалар бар. Сонымен қатар, 51 майнингтік фирманың заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар қызметтерінің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар да бар. Сондай-ақ заңсыз майнинг қызметін Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырған. Майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен контрабандалық тәсілмен жеткізілген. Қаржылық мониторинг агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеп, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдықты тәркіледі. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтыну 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.