51509
Ресейліктердің Қазақстанға жаппай көшіп жатқаны рас па?
Ресейліктердің Қазақстанға жаппай көшіп жатқаны рас па?
WhatsApp мессенджерінде соңғы апталарда Ресейден Оралға көп адамның келгені туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Аудио автордың айтуынша, олар қалада баспана жалдап жатыр. Бірақ олардың Қазақстанға келу мақсаттары белгісіз. Хабарламада туристердің көптеп келуі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты болуы мүмкін екендігі айтылады. Алайда бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарды.
«Бүгінде Батыс Қазақстан облысында РФ шекарасынан өткен туристер ағыны байқалмайды. Барлық өткізу пункті тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Шекараны кесіп өткен барлық тұлға шекарашылар тарапынан толық бақылаудан өтеді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.