Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-да автобустың өртенгені туралы хабар түскен. Көлікте жолаушылар болмаған. Өрт таңғы сағат 06:44-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аспаптар панеліндегі қысқа тұйықталудың кесірінен тұтанған болуы мүмкін. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өртенген автобус жап-жаңа болған. Тағы оқи отырыңыздар: 40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ автобус жүреді
Жүктелуде...