50330
«Әйтенов Шымкенттен Венеция жасағысы келген екен» - заңгер (ВИДЕО)
«Әйтенов Шымкенттен Венеция жасағысы келген екен» - заңгер (ВИДЕО)
Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке шүйлікті деп жазды turkystan.kz.
Оның айтуынша, Әйтенов Шымкенттен кішігірім Венеция жасағысы келген.
«Әйтеновтің тағы бір шедеврі! Бүтін тұрған жолдарды қайта-қайта қырып тастап, неге жол салғыш десем, Шымкенттен кішігірім Венеция жасағың келген екен ғой, Әйтенов?! Су ағатын суағарларды қоқысқа толтырып қойып, шымкенттіктер тегін шомылып алсын дедің бе? Кешірші мені, Әйтенов! Сенің гениальный ойыңды түсіне алмағаным үшін. Сен сияқты «жесткі гений торгачты» біз сияқты адамдар түсіне алмайды. Мынау - Республикалық даңғыл. Көрші елге өтетін көпір осылай жатқаны ұят емес пе? Кәріз құбырларын жаңбыр суларынан тазарту үшін де пәленбай миллион бөлінеді емес пе? Қалай игеріп жатсыңдар ол қаражатты? Жаңбырдың суын тазалап па, әлде басқаша ма?» деп жазды ол.