Ертіс өзені арнасынан тасуы мүмкін

Ертіс өзені арнасынан тасуы мүмкін

Ертіс өзені арнасынан тасуы мүмкін
ашық дереккөзі
Семей тұрғындарының эвакуацияға дайын болу керектігі ескертілді. Себебі Ертіс өзені арнасынан тасуы әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта өзендегі судың 412 сантиметрге жеткен. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарға су басу қаупі бар екенін айтып, адамдарды эвакуацияға дайындауға кірісті. "Бүгін Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендері су басуы мүмкін. Оның ішінде Әбдуәлі көшесі, Әбдуәлі қиылысы, Жібек жолы, Ақжол және Ертіс маңындағы басқа да көшелер бар. Осы көшеніің тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек. Оларға құжаттарын, ақшаларын және басқа да құнды заттарын дайындап қоюларына кеңес береміз», — деп хабарлады мамандар. Бұған дейін де Семейде мұндай жағдай орын алған еді. Ол кезде де  тұрғындарға 30 градус аязда эвакуация болуы мүмкін екені ескертілген болатын.