«Шаруалар қырқылған қой жүнінің 73 пайызын өртеп жіберуге мәжбүр» – депутат

«Шаруалар қырқылған қой жүнінің 73 пайызын өртеп жіберуге мәжбүр» – депутат

«Шаруалар қырқылған қой жүнінің 73 пайызын өртеп жіберуге мәжбүр» – депутат
ашық дереккөзі
Былтыр республика бойынша 40 мың тонна қой жүні өндірілді. Оның қайта өңделгені - 11 мың тонна ғана. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Мұхтар Жұмағазиев мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.
«Отандық тоқыма жүн өнімдерін өндірушілер күрделі шикізат тапшылығын бастан кешіп отырған кезде еліміздегі жүн өндірушілер қарапайым және тиімді технологияларды және өндірілген шикізатты қайта өңдейтін бизнесті қолдауға мұқтаж болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, өткен жылы 40 мың тонна қой жүні өндірілді. Оның қайта өңделгені 11 мың тоннаға жуық. Ал 73 пайызы өңделмей қалып отыр. Бұл ретте, табиғи талшықтан жасалған өнім өндірісі ішкі нарықтың 8 пайызын ғана қамтиды», - деді депутат.
Мұхтар Жұмағазиевтің айтуынша, елімізде жүн маталарының өндірісі жоқ. Қой өсірумен 4 мыңға жуық шаруа айналысады. Ал елімізде жүн өңдейтін 13 зауыт болса, оның тек төртеуі ғана толық техникамен қамтылған. Сұраныстың жоқтығынан өткен жылы 6 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. Алып-сатарлар биязы жүнінің 1 келісін 100-150 теңгеден қабылдайды. Ал бір қойды қырқуға кететін шығын 300-500 теңге аралығында екенін ескеру керек. Жүн өткізу жолға қойылмағандықтан, шаруалар оны өртеп жіберуге мәжбүр болып отыр.