Елбасы: Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ

Елбасы: Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ

Елбасы: Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ
ашық дереккөзі
334
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атауын өзгертуге қажеттіліктің жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Ақорда. Бұл туралы Қазақстан Президенті ресейлік журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. "Мен осында тұрамын, барлығын естіп жатырмын. Интернетте жазып, айтып жатыр. Бұған жауап та беріп қойғанмын. (...) Бұл - бренд. Сондықтан атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы бірінші саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын қабылдадық. EXPO-2017 өтеді. Осының барлығы Қазақстанмен байланысты, бірақ барлық жерде Астана айтылады. Мұны өзгертудің қажеті не?", - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев тілшінің сұрағына. Айта кетейік, Мемлекет басшысы осыған дейін де Астананың атауын өзгерту туралы пікір білдірген болатын. "Мен мұндай болжамды ешкімге айтқан емеспін. (...) Барлық мәселені біз салмақтап, өз ретімен шешеміз", - деген еді Мемлекет басшысы. Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсетуді ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары