50472
«Павл мен Петр деген екі қаламыз ар жаққа қарап аңырап тұр!» - заңгер
«Павл мен Петр деген екі қаламыз ар жаққа қарап аңырап тұр!» - заңгер
Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында еліміздің солтүстік өңіріндегі жағдайға байланысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Солтүстік өңірлерге, әсіресе Ресейге жақын аймақтарға оңтүстіктен шыққан жігіттерді әкім қылып тағайындау керек! Тағайындалған әкімге сол өңірді қазақтандыру үшін толық еркіндік беру керек. Тіпті, Полиция департаменті басшылығына да оңтүстіктен шыққан генералды қою керек», - дейді заңгер.Оның айтуынша, қазақтар аз шоғырланған жерлерді шымкенттіктерді жұмысқа тарту арқылы көбейте аламыз.
«Ол үшін осындай астыртын құпия тәсілге көшетін уақыт келді. Украинадағы жағдайдан кейін билік басындағы азаматтар ойланыңдар! Біздің де Павл мен Петр деген екі қаламыз ар жаққа қарап аңырап тұр!» деп жазды ол.