52051
Қайрат Нұрқаділов әкесі мен Мақпал Жүнісованың жинаған байлығын айтты
Қайрат Нұрқаділов әкесі мен Мақпал Жүнісованың жинаған байлығын айтты
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ұзақ жылдардан бері алғаш рет сұхбат беріп, әкесі туралы естеліктерімен бөлісті деп хабарлады turksytan.kz.
Заманбек Нұрқаділов 1992-1994 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Қызметтен кеткен соң мемлекеттен берілген үйді босатуы керек болған. Қайрат Заманбекұлы сол кезде болған оқиғаны еске алды.
«72 сағатта үйді босатсын деді. Сонда әкемізді көшіреміз деп «Көк» базардан екі «Уазик» әкеліп, киімдерін, суретін, алған сыйлықтарын жинадым. Мақпал аяқ-киімнің қорабын ұстап алып, жүгіріп жүр. Әкем бұрылды да «Неге ұстап жүрсің? Жинамайсың ба?» деп еді, «Байлығымыз ғой» деді. «Балаға бер, көлікке қойып қояды, тиіспейді» деді. Мен 9 жыл істеді ғой, не деген байлық, көрейінші деп аштым. Ішінде долларлар. Санасам, 25 мың доллар екен. Әкемнен «9 жыл істедің. Жинағаның осы ма?» деп сұрадым. «Иә, көрімдікке, туған күнге, анаған-мынаған берді. Жинағаным осы» деді. Үйге келіп, анама «Бұрынғы күйеуің мүлдем ақша ұрламаған. Сенімен тұрғанда қалай болды?» деп едім, «менімен тұрғанда да сол, үйге ештеңе әкелмейтін. Саған қанша рет адал бол, ұрлама деп айтушы еді» деді», - деп еске алды Қайрат Заманбекұлы.Тағы оқи отырыңыз: «Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО)