50289
Саят Медеуов өзін «өлтіріп қойғандарға» жауап берді
Саят Медеуов өзін «өлтіріп қойғандарға» жауап берді
Жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсіп қалған Саят Медеуовтің беті бері қарады. Әнші алғаш рет өз жағдайы жайлы kznews.kz сайтының тілшісіне айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Армысыздар! Қалдарыңыз қалай? Құдайға тәубә, бетім бері қарады. Ең бастысы, ешкімнің басында мұндай жағдай болмасын деп тілеймін. Менің басымда болғанына Құдайға шүкір. Осының бәрі менімен кетсін. Шыны керек, өткенде қатты ауырғанда, осы жолы да Құдайдан бір нәрсені тіледім. Ата-анамның дүниеден осыны көрмей кеткендеріне шүкір деп. Енді сіздердің амандықтарыңызды тілеймін. Бір жағы қуансам, бір жағы мұңайдым. Өзгенің емес, менің басымда болғанына. Мен қиналсам да, ел қиналмасын. Халықтың арасында жүрген адамдармыз, халықтың тілеуінің арқасында аманбыз», - дейді әнші.Сондай-ақ ол сайттарға өзін «өліп қалды» деп жариялағандарға қынжылды.
«Құдай сақтасын, аман болайық! «Естіген құлақта жазық жоқ» деген қазақтың сөзі бар, ешкімге өкпелеуге хақым жоқ. Ешкім жаман ниетпен жазбаған шығар. Әйтеуір, өліп бара жатсам да пайдам тисе болды. Аман болайық!» - деді Саят Медеуов.