Өзбекстанда автокөлік бағасы қымбаттады

Өзбекстанда автокөлік бағасы қымбаттады

Өзбекстанда автокөлік бағасы қымбаттады
ашық дереккөзі
3 наурызда Өзбекстандағы автосалондар көлікті жаңа бағамен сата бастады деп хабарлады turkystan.kz. UzAuto Motors танымал автокөлік үлгілері бойынша келісім-шарттардың қайта басталғанын мәлімдеді. Көлік үлгісіне қарай баға шамамен 10-12 пайызға қымбаттаған. Атап айтқанда, Nexia 3, Spark, Damas және Cobalt көліктері 10 пайызға қымбаттаса, Gentra 12 пайызға қымбаттады. Gentra 3-позиция - 153 506 000 сом; Gentra 1-позиция - 128 284 000 сом; Cobalt АТ/plus – 125 795 000 сом; Nexia-3 АТ/plus - от 119 921 000 сом; Spark 4-позиция - 104 095 000 сом. Жоғары баға сегментіндегі Malibu 2, Tracker, Trailblazer, Equinox, Traverse және Tahoe автомобильдерінің бағалары өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ 3 наурыздан бастап Chevrolet Lacetti, Cobalt, Nexia және Spark келісім-шарттары жаңартылатыны белгілі болды. Компанияның хабарлауынша, бағалар нарықты талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ, шикізат құнының, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі, ұлттық валютаның құнсыздануы және басқа да факторларды ескере отырып көтерілген. Тағы оқи отырыңыз: Кішкентай балалар Өскеменде үш қымбат көлікті өртеп жіберді