Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды

Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды

Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды
ашық дереккөзі
Қадағалау органының қызметкерлері Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасын ұстады деп жазды turkystan.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 28 ақпанда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде шұғыл шаралар өткізді.
«Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасады. Оған тексеріс бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделді. Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды», - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі қолға түсті. Ол ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.