Бұл туралы жексенбі күні журналистерге еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррел министрлердің виртуалды кездесуінен кейін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз жалған ақпаратпен күресуіміз керек... Осыған байланысты біз Russia Today пен Sputnik-ке одақ аумағында хабар таратуға тыйым саламыз», - деді ол.Бұған дейін Еурокомиссия төрағасы Урсула Фон Дер Лейен билік мұндай қадамға БАҚ-тың жалған ақпарат таратпауы үшін барғанын айтқан. Енді шешім ЕО-ның ресми журналында жариялануы керек. Тағы оқи отырыңыз: Белгісіз адамдар Украинада қазақстандық жүргізушінің құжаттарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)